ТАРИХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

233

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде Наурыз мерекесі аясындағы «Тарихқа тағзым» күнінде биыл ел ағалары демеушілік жасап, балаларға қуаныш сыйлады. Бұл күні ас та төк дастархан ғана емес, тарихымыз түгенделді.

Алдымен «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде қала тұрғындары мен қонақтары наурызкөжеден ауыз тиіп, бауырсақ таратылды. Келушілер ұлттық ойындарымыз арқан тартыс пен тоғызқұмалақтан сайысып, қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.
– «Тарихқа тағзым» күні – тарихымызды ұмытпай, жастарымызға ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухта тәpбиeлеу, сонымен қатар төл тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті арттыру мақсатында тойлануы өте орынды. Ертеңгі күні елге иелік ететін жастарымызды тарихты тануға, салт-дәстүрді, баба тілімізді құрметтеуге, төл тамырынан ажырамайтын өресі мықты етіп өсіру – біздің міндетіміз. «Тарихқа тағзым күнінің» осындай үлкен миссиясы бар, – дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің басшысы Мадина Кенжеқұлова.
Мадина Кенжеқұлованың айтуынша, мерекеге «SCAT» авиякомпаниясы, «Бал текстиль» зауыты, «Go-Kino», «Шымкент концерт» мекемелері және «Айжамал тәттілері» демеушілік көрсеткен. Демеушілер есебінен өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар үйінің бүлдіршіндеріне арнайы сыйлықтар үлестірілді. Мерекелік іс-шара тарихи кешенде күні бойы жалғасты.
«Шымқала» тарихи-мәдени кешені ұйымдастырған «Тарихқа тағзым!» мерекелік іс-шарасы Арбат алаңы, Rixos Khadisha қонақ үйі, «Мұз сарайы» мен «Абай» саябағында жалғасты. Мерекеге №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қорғау орталығының бүлдіршіндері, мектеп оқушылары және студенттер қатысты.
— Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының көне тарихынан сыр шертіп, кешенге келушілерге, қала қонақтары мен тұрғындарына ата-бабадан қалған құнды тарих пен салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпын тарихи бейне фильмдер арқылы насихаттап, түрлі бағдарламалар арқылы халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау. Осы іс-шараға «Sсat » әуекомпаниясы, «Айжамал» киім салоны және «Айжамал» тәттілері демеушілік жасады,- дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешеннің маманы Әйгерім Саудабаева.
№2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қорғау орталығының бүлдіршіндеріне «Шымкент плаза» сауда орталығының «Wok wok» мейрамханасы дәмді тағамдар мен тәттілерін ұсынды. Сондай-ақ, балалар «PLAY PARK» ойын алаңына, «Қиял әлемі» саябағына саяхаттап, Арбат алаңында Led экран арқылы тарихи мульфильмдерді тамашалады.
«Rixos Khadisha» қонақ үйінде бүлдіршіндер «Ордабасы – бірліктің туы», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» мультфильмдерін тамашалады. Балаларға тәттілер, жеміс-жидектер мен өзге де сыйлықтар үлестірді.
–Жас өскіндер арасында ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық киімдер дефилесі, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндер театр қойылымдарын тамашалады, — дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің маманы Назерке Жақсылықова.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге осындай іс-шаралардың берері мол.

«Шымкент келбеті»