БҰҚАРАЛЫҚ-СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР

754

Шымкент қаласында 2022 жылдың 12 айында әр түрлі жас ерекшеліктері арасында спорт түрлері бойынша 43 қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 5850 спортшы қатысты.
Қаламызда спорт түрлерінен 39 Қазақстан Республикасының чемпионаттары, 6 Қазақстан
Республикасының кубогыжәне 16 республикалық, 4 Халықаралық жарыстар өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 000 астам спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен әр түрлі сала қызметкерлері арасында 32 ауқымды бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларға 19 800 адам қамтылды. (Слайд 9)
Атап айтқанда:
ЖАСТАР ЛИГАСЫ(IІI-маусым)
Жастар лигасы жобасына деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. 2021-2022 оқу жылында 140 мектеп қатысқан болса, 2022-2023 оқу жылғы Жастар лигасы спорттың төрт түрінен қаладағы 148 орта мектептен 6 мыңнан аса оқушы қатысуда.
Футболдан – 131 команда.
Волейболдан – 127 команда,
Баскетболдан – 125 команда,
Шахматтан – 143 команда,
Жарыстар Лигасы (3-кезең) 2022 жылдың қазан айында бастау алды. Финалдық кездесу ойындарын 2023 жылдың мамыр айында өткізу жоспарлануда.

«АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ»
2022 жыл «Балалар жылына» орай Шымкент қаласының төрт ауданында орналасқан спорт алаңшаларында әр аптаның жексенбі күндері аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Аула чемпионаттары» ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шараға балалар спорттың 6 түрінен жарысты. «Аула чемпионатында» жеңімпаз болған балаларға диплом, медаль және кубоктар табысталып, қатысқан барлық балаларға арнайы сыйлықтар берілді.
Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында 48 спорт алаңшада «Аула чемпионаттары» өткізілді. Осы өткізілген спорттық іс-шараларға 3600 ден астам балалар қатысып, 120 жуық спорт саласының мамандары жұмылдырылды.

«ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТ» ЖОБАСЫ
Бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасын Шымкент қаласында іске асыруда.
Жоба қаладағы 4 саябақта (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер саябағы және Абай саябағында) өткізілуде.
Бұл жобада 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (скандинавиялық жүріс, үстел теннисі, каратэ, фитнес)қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

«TARTYL FEST»
Қаламызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді.
«Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты.
Қатысушылар арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да болды. Таңертеңгі сағат 11:00 басталған жарыс алты сағатқа созылды.

«БРУСЬЯ FEST»
20 тамыз күні Орталық саябақта «Спорт күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі өтті. Іс шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және қаланың жас тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарта отырып, спорттың брусьяда тартылу түріне қызығушылыған арттыру болып табылады.
Жарысқа Алматы, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларының тұрғындары келіп, бақтарын сынады. Жалпы 357 адам тіркеліп, сайысқа түсті.
Жеңімпаздар 3 жас ерекшелігі бойынша анықталып, қаржылай сыйақымен марапатталды.

«SHYMKENT MARATHON»
Шымкентте биыл 5-ші рет өткен жүгіру марафоны рекорд орнатты. Оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар. Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады.