СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

224

2022 жылғы 12 айдажалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498852 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының42 пайызын құрады.

Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс жасайды.(29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі). Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен штаттағы 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылады (37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері).

 

Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны1075-ке жетті.

2022 жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын реконструкциялау» құрылыс жұмыстары.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі.

«Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу» құрылыс жұмыстары.

Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған, 2023 жылға өтпелі.

«Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы қалалық №20 спорт мектебінің спорт ғимаратының құрылысы»

Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз айында басталды. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысы»

Құрылыс «Отау Строй» компаниясының есебінен жүргізіліп, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

«Жаңа ипподром құрылысы»

Құрылыс «BI Group» компаниясының есебінен жүргізілуде.

«TURAN ГХА» спорт нысанының құрылысы

Еңбекші ауданы, 12 мөлтек аудан, Т.Тәжиев көшесі, 180.

«SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы

Орынбаев, Ғ.Ильяев көшелерінің қиылысында орналасқан.

 

Қала аумағында 526 спорт алаңшалары бар. Оның ішінде 377 спорт алаңша қала аудандарының теңгерімінде, 147 спорт алаңша білім беру мекемелерінде, 2 спорт мекемелерінің теңгерімінде.

2022 жылы қала аумағында 34 спорт алаңшасы құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.