ҚАҢҒЫБАС ЖАНУАРЛАРДЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ СТЕРИЛИЗАЦИЯЛАУ
Қоғамда жануарларға қатыгездік таныту жағдайларының көптеп орын алуына байланысты ҚР Президентінің 2020 жылғы қыркүйек айындағы жолдауына сәйкес, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен заң жобасы дайындалып, ҚР мәжілісі мен сенатында талқыланып, 2021 жылдың 30 желтоқсанда №97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңықабылданды.
Аталған заң нормаларын орындау мақсатында, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларды ұстау, қарау, аулау, уақытша ұстау, панажай қызметі, есепке алу, тасымалдау, серуендету, қоғамдық бақылау, вакцинациялау, стерилизациялау туралы жалпы 14 нормативтік-құқықтық акт дайындап бекітті.
Соның ішінде, «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы»ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2022 жылдың 20 мамырдағы №171 бұйрығы қабылданды.
Аталған нормативтік-құқықтық актке сәйкес Шымкент қаласының әкімдігімен ҚР барлық өңірлеріндей, тиісті бюджет қарастырып, 2023 жылға иесіз жануарларды стерилизациялау (кастрациялау) арқылы гуманды түрде қаңғыбас жануарлардың өсімін болдырмау жұмысы жоспарланған.
Аталған іс-шарабекітілген Заңға сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарауға бағытталған. Яғни, ауланған жануарлардың (адамға, жануарларға шабуыл жасаған немесе адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлар, оның ішінде кемінде үш дарақтан тұратын топтасқан жануарлар, емделмейтін аурулармен ауыратын жануарларды қоспағанда) толық көзі жойылмайды. Тиісінше келесідей шаралар атқарылады:
- Аулау қызметі тарапынан жануарлардың жиналу орындарының мониторингі нәтижелері бойынша және азаматтардың өтініштері бойынша жануарлар ауланады (жарақат салуды және мертігуді, азаматтардың денсаулығына, олардың мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмайтын ізгілікті тәсілдермен және балалардың қатысуынсыз) ;
- Ауланған жануарлар уақытша ұстау пунктіне орналастырылады, клиникалық тексеру және деректер базасында тіркеу жүргізіледі;
- Вакцинация жүргізіледі;
- Қаңғыбас жануарды стерилизациялау туралы шешім қабылданады. Ветеринария саласындағы мамандары бойынша білікті тұлғаның шешімі қабылданғаннан кейінгі келесі күні стерилизация жүргізіледі.
- Стерилизациядан кейін қаңғыбас жануарлар күтім жасау үшін қоршаулармен (торлармен, бөліктермен) жабдықталған стационарда ұсталады. Күту ұзақтығы ұрғашылар үшін кемінде күнтізбелік 10 (он) күнді және еркектер үшін күнтізбелік 3 (үш) күнді құрайды;
- Есепке алынады (чиптеледі);
- Вакцинация және стерилизация шаралары аяқталғаннан кейін агрессивті емес қаңғыбас жануарлар олардың бұрынғы мекендеу орындарына қайтаруға жатады.