ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 897 білім беру ұйымдарында 399598 тәрбиеленушілер білім алуда. Білім беру ұйымдарының саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 84-ке артқан.
Мемлекет басшысының білім саласына қатысты19 тапсырмасы, 3 бағдарлама белгіленген.
Білім саласынажалпы қаралған қаржы- 200 млрд. 907 млн.тг.құрайды.
Мектепке дейінгі білім беру саласы:
2023 жылғаМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары – 82,8%, 3-6 жас – 100% қамтуды орындау жоспарланған.
Аталған бағытта балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес, 2023 жылғаәр балаға45 603 теңге болып белгіленіп, 39 млрд. 748 млн. тг.қаржы қаралды.
Бүгінгі таңда, қаладағы 587 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 85 830 баланың – 93%-ы(79 857 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 63 601бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 81 314 баланың 94% (76 619 бала) қамтылған.
2025 жылға 9000 жаңа орын ашу жоспарлануда. 2023 жылы 4000 орындық 30 балабақша ашылады.
Орта білім беру саласын дамыту.
Қалада 246 мектепте249 544оқушы білім алуда.
— қазақ сыныбында — 171 767 оқушы (68,8%),
— орыс сыныбында — 58 116 оқушы (23,3%),
— өзбек сыныбында – 19 661 оқушы (7,9%).
2022 жыл қорытындысымен 24 800 орындық 43 мектеп(5 мемл., 38 жекеменшік мектеп) пайдалануға беріліп,үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, оқушы толымдылығы артқан мектептер саны – 38-ден 21-гетөмендеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында2025 жылға дейін жалпы 68 675 орындық 54 мектепсалынатын болады.
- «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 37 700 орындық 25 мектепқұрылысын салу жоспарланып отыр(2024 ж. — 17 300 орындық 12 мектеп, 2025 жылы 20 400 орындық 13 мектеп).
Жобалық қуаттылығы бойынша:
— 2000 орындық- 10 мектеп, 1500 орындық — 4 мектеп, 1200 орындық – 8 мектеп, 900 орындық – 1 мектеп, 600 орындық — 2 мектеп.
- Сонымен қатар, қосымша бюджет есебінен 10 475 орын 15 мектеп салу жоспарланған.
- Жеке инвесторлар есебінен 14 мектеп 16 500 орынға салу жоспарланған.
Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесі 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелер, ғимараттардың кіреберістері турникетпен,дабыл батырмаларымен,І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен 100% қамтылды.
Ыстық тамақпен қамту:
1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасы балалары (134 228 оқушы) 100% ыстық тамақпен қамтылған.
Білім қоры 6%құрайды.Мектеп формасы үшін бір реттік қаржылай көмек мұқтаж 53 893 оқушыға 209,6 млн. тг. қаржы бөлінді. Жоспарлы қамту 100%.
Жаңа модификацияланған кабинетпен қамту:
2023 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 1 767,4 млн.тг. қаржы қаралып, жалпы 141 кабинет(8-химия, 18-физика, 14-биология, 38-STEM, 42-АӘД, 6-логопед, 15-робототехника) кабинеттерін және 299 дана жабдықталған интерактивті панельдер орнатуға мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілуде.
Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72%-дан 85% артатын болады.
Қосымша біліммен қамту:
2022 жылы Ұлттық жоспарға сәйкесоқушыларды қосымша біліммен қамту — 77,1% жоспарланған.
Қалада 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары және 2 375 мектепішілік түрлі үйірмелерде қаладағы 247 667 оқушының 77,2% (191 199 оқушы) қосымша біліммен қамтылған.
2023 жылға Ұлттық жоспарға сәйкесоқушыларды қосымша біліммен қамту – 85,4% жоспарланған.
Белгіленген жоспарға жету үшін 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамту үшін 860,9 млн.тг. қаржы қаралған.
2023 жылы 1 оқушылар сарайы, 1 өнер мектебі пайдалануға берілсе, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 оқушылар сарайының құрылысы басталады.
Одан бөлек, 3 балаларға арналған сауықтыру лагерін, 8 қосымша білім беру ұйымдарын салу жоспарға енді.