ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША АМБУЛАТОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ 13 МЕМЛЕКЕТТІК ЕМХАНА ЖӘНЕ 32 ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ.

685

Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 13 мемлекеттік емхана және 32 жекеменшік медициналық орталықтар қызмет атқарады. Стационарлық деңгейде 15 мемлекеттік аурухана 3533 төсек орында және 25 жекеменшік аурухана 788 төсек орында қызмет көрсетуде.

2022 жылдың ресми деректеріне сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің саны 15256 адамды құрады, оның 4760-сы дәрігерлер, 10496-ы орта медицина қызметкерлері.

5225 медициналық қызметкер біліктілігін арттырды. сонымен қатар шетел мамандарының қатысуымен 30 медицина қызметкері оқытылды

Мемлекет басшысы 2022  жылды балалар жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орыналуда. 2022  жылы балалар үшін ауруханада онкогематология, нефрология, интервенциялық кардиология, стоматология бөлімшелері ашылды. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды. 2022  жылдың сәуір айында ауруханада сәулелі диагностикалық орталықашылды. Биыл аурухана дәрігерлері балалар кардиохирургиясы, офтальмология және неонаталдық хирургия саласын дамытуды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласында жоғары технологиялық оталар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы қалада 250-ге жуық жоғары маманданрылыған ота түрі жасалған. Оның басым бөлігі жүрек ауурына шалдыққан науқастарға жасалған. Сондай-ақ №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 16 бүйрек, 6 бауыр трансплантациясы; №2 ауруханада бауыр циррозы бойынша бірегей операция түрлері сәтті жасалып шықты.

2022 жылдың соңында онкологиялық орталық базасында ПЭТ  орталығы және сәулелік терапия орталығы іске қосылды. Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтап, емдеу жұмыстарын жүргізуде бұл орталық жұмысының маңызы зор.

2022 жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға • 1,1 млрд теңгеге 17 медициналық құрал сатып алынды Медициналық жабдықтарды сатып алу нәтижелері бойынша 80 пайыздан астам медициналық техникамен жарақтандыруға қолжеткізілді.

Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ 2022 жылы  2 медиицналық ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның бірі №1 қалалық емханаға қарасты балалар бөлімшесі.

Анықтама ретінде құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы: №1 қалалық емханаға-938,4 млн тг,  №2 оңалту орталығына 1,1 млрд теңге бөлінген.

Жоспарланған іс-шаралар

Мемлкет басышысының тапсырмасы аясында, республикалық бюджет есебінен заманауи перинаталдық орталық салу,

Денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция тарту шеңберінде 2023 жылы «Shymkent»ӘКК АҚ-мен бірлесіп  4 емхананың құрылысы бойынша жұмыстарын жүргізу

Ынтымақ-2 шағын ауданындағы емхана «14 емдеу орталығы» ЖШС жеке инвесторы есебінен (1,2 млрд. теңге сомасына), мәртебесі-құрылысты аяқтау 2023 жылы жоспарлануда;

Гүлистан көшесіндегі емхана «Medical Center Shubarsu» ЖШС жеке инвесторының есебінен (сомасы 2 млрд. теңге), мәртебесі – жер учаскесіне қатысты сот талқылауы;

Курсай шағын ауданындағы емхана «14 емдеу орталығы» ЖШС жеке инвесторының есебінен (1,2 млрд. теңге сомасына), мәртебесі-құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда;

— «Imperium Medical» ЖШС жеке инвесторы есебінен Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы емхана, мәртебесі-ӨҮК шешімі үшін жер учаскесін беруде алдын ала келісу.

Сонымен қатар МЖӘ жобасы аясында «Шымкент қаласында бірауысымда 700 келушіге арналған 800 төсектік университеттік көпбейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық (емхана) құрылысы», жеке инвестор есебінен құрылыс басталды.