КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

196

ҰЙЫМДАРДЫҢ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСТЫ

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ЕҢ ӘУЕЛІ, ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАНЫНА АШЫЛҒАН ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ. МҰНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АППАРАТТАР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАП, НАУҚАСТАРҒА ШҰҒЫЛ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА СТАЦИОНАРЛЫҚ ЕМГЕ АРНАЛҒАН 260 ТӨСЕК ОРЫН БОЛСА, ЕМХАНА БІР АУЫСЫМДА 150 АДАМ ҚАБЫЛДАЙ АЛАДЫ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ҰЖЫМЫНДА 85 ДӘРІГЕР ЖӘНЕ 200-ДЕН АСТАМ ОРТА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. МҰНДА ХИМИОТЕРАПИЯ, РАДИОЛОГИЯ, РАДИОГИНЕКОЛОГИЯ, ХИРУРГИЯ, МАММОЛОГИЯ, ОНКОГЕМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАЛЛИАТИВТІК БӨЛІМШЕ БАР. СОНДАЙ-АҚ, КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР, КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЕМХАНА, ОНЫҢ ІШІНДЕ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІ, ЦИТО-ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНА НАУҚАСТАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІП ОТЫР.

БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТР ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТАНЫСЫП, КЛИНИКА БАСШЫЛЫҒЫМЕН ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ. ТАЛҚЫЛАУ БАРЫСЫНДА ПАЦИЕНТТЕРДІ ЕМДЕУДЕ ЕНГІЗІЛЕТІН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ДЕ АЙТЫЛДЫ. МЫСАЛЫ, ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЭНДОБЕЙНЕХИРУРГИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРДІ САТЫП АЛУМЕН КЕУДЕ, ІШ ЖӘНЕ КІШІ ЖАМБАС АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫНА АЗ ИНВАЗИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНЫЛЫП КЕЛЕДІ. 2019 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰНДА АЯҚ-ҚОЛ САРКОМАЛАРЫ КЕЗІНДЕ ІРІ БУЫНДАРДЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ПРОТЕЗДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛДІ.

МАМАНДАРДЫҢ АЙТУЫНША, ОНКООРТАЛЫҚТА СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНДА НАУҚАСТАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУДА ҮЛКЕН РӨЛ АТҚАРАТЫН КҮРДЕЛІ ТЕРІ-БҰЛШЫҚЕТ ҚИЫНДЫЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ӘРТҮРЛІ РЕКОНСТРУКТИВТІК-ПЛАСТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛҒАН. ТӨРТ ЖЫЛ ІШІНДЕ ОРТАЛЫҚТА 80-НЕН АСТАМ ОСЫНДАЙ РЕКОНСТРУКТИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРЫНДАЛЫПТЫ. ЗАМАНАУИ PHILLIPS AZURION-7 БИПЛАН АНГИОГРАФЫНДА ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ РЕНТГЕНХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАҒАН. ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЫҢ ТӘСІЛДЕР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР ЖАСЫН ҰЗАРТЫП, САПАЛЫ ЕМ АЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРІП ОТЫР.