ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

747

Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері мен С.Әбдіжаппаров жалпы орта мектеп-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Айдарбекова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі У.Ясауидиннің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Соғыссыз әлем» тақырыбында сурет байқау болып өтті.

Шараның мақсаты-мектепте білім алушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Өнер арқылы патриоттық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту мен батыр бабаларымыздың ерлік істерімен таныстыру. Байқау қорытындысы бойынша үздік көрсеткіштер көрсеткен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.