ТҰРҒЫННЫҢ АККУМУЛЯТОРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ЖАС ЖІГІТ АНЫҚТАЛДЫ
Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған «Т-150» маркалы тракторының 2 дана аккумуляторын белгісіз біреу ұрлаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орындары мұқият тексерілді. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын жас жігіт болып шықты.
Белгілі болғандай, сезікті жас жігіт тұрғынның 2 дана аккумуляторын ұрлап, жәбірленушіге 170.000 теңгеден астам шығын келтірген. Ол бөтеннің мүлкін сатып, өз пайдасына жаратып жіберген.
Полицейлер аталмыш аккумуляторды айғақты зат ретінде тәркілеп, иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.