ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

162

Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Осыған орай сәуір айында аталып өтілетін ғашықтар мерекесінде 5 жас отбасыға неке куәліктері салтанатты түрде табыстады.

Бұл ерекше шараға Төлеби аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны А.Боташева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишева, Төлеби ауданы психо-профилактикалық бөлімінің маманы З.Кульжанова, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторы қызметінің әлеуметтік қызметкерлері мен жас отбасылар қатысты.Жиын барысында жастарға отбасы құндылығы жайлы келелі кеңестер айтылды.

Полиция капитаны А.Боташеваның ұйымдастыруымен тағы бір шара Леңгір қалалық емханасында өтті. Мұнда акушер-гинекологтың кезекті қабылдауына келген жүкті әйелдерге «Тұрмыстық зорлық-зомбылық», «Жүкті әйелдердің психологиялық ерекшеліктері», «Босанғаннан кейінгі депрессияның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесуде жүкті әйелдерден «Эдинбург шкаласы» бойынша тест алынып, екі әйелден депрессияның бастапқы кезеңі анықталды. Оларға психологтың қабылдауына жүгінуін ұсынылды. Жүкті әйелдермен психо-профилактикалық жұмыс жүргізіліп, психо-әлеуметтік көмек көрсетілді.