«ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ» МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

241

Сарыағаш аудандық сотында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында судьялар М.Жунусова мен А.Туримбекованың, аудандық кірістер басқармасының өкілінің, заңгерлер мен адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарада баяндамашы судья А.Туримбекова сөз алып негізгі бағыттарға тоқталып, азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы істерді сотта қарау тәртібі мен барысы туралы баяндама жасап, бүгінгі таңда заңның қоғамда қызу талқыланып жатқанын, бұдан бөлек соттарға борышкерлердің алғашқы арыздары түсе бастағанын, алайда, тапсырылған арыздардың қосымша құжаттарының жетіспеушілігінен  қайтарылып жатқанын ескертті.

Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Қ.Жарқынбаев соттан тыс банкроттық тақырыбына, оны борышкерлерге қатысты қолдану шарттарына тоқталды, сондай-ақ қаржы менеджерінің рөлі мен тізілімге ену үшін қандай өлшемдерге сай болуы керектігін айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар құқық қолданудың даулы мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, қолданыстағы сот тәжірибесін, мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушілердің төлем қабілетсіздігін соттан тыс реттеуді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Алдағы уақытта заңгерлер мен адвокаттарға сотқа арыз өткізу барысында заң талаптарын сақтап, тиісті құжаттардың толықтығын қамтамасыз ету қажеттігін ескеріп өтті.

Қайнар:

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі