BAL TEKSTIL – ШЫМКЕНТТІҢ БРЕНДІ

173

Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Bal Tekstil ЖШС кілем фабрикасының құрылғанына 10 жыл толуына орай отандық кілем форумы өтті. Отандық кілем өндірісінің дамуына арналған республикалық форумға 400-ден астам бизнес қауымдастық өкілі, кәсіпкерлер қатысты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тоқыма саласындағы көшбасшы компанияны мерейтойымен құттықтап, алдағы жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.
– Бұл форум еліміздегі кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, жаңа серпін береді. Бүгінде Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласында 173 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма фабрикаларының үлесінде. Соңғы үш жылда тоқыма өндірісінде өндіріс көлемі 10 пайызға ұлғайып, инвестиция көлемі артты. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭА-та 35 жоба іске асырылуда. Bal Tekstil ЖШС жылдық өндірісті ұлғайтты. Жергілікті компанияның өнімдері алыс-жақын шетелге танымал. Осындай жетістікке жеткен компанияның ұжымына сәттілік, мол табыс, жаңа белестер тілеймін, – деді қала әкімі.
Еліміздегі бірегей кілем өндіруші фабриканың өнімдері экспортқа BAL CARPET брендімен шығып жатыр. Бұл компания 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Bal Tekstil-дің негізін салушы Талғат Ысқақов өнімдерді шығарумен қатар, нарыққа тарату, таныту да ауқымды жұмыс екенін атап өтті. 2014 жылы 4 станокпен басталған өндірісте қазір 20 тоқыма станогы жұмыс істеп тұр. Белгілі кәсіпкер азаматтарды жұмыспен қамту үшін отандық өндірісті дамыту керек екенін айтты.
Сондай-ақ, «OTANDYQ KILEM FORUMY» іс-шарасында отандық кілем өндірісіндегі мәселелелер, оның шешу жолдары талқыланды.

Әу баста төрт-ақ станокпен жұмысын бастаған кәсіпорын бүгінде оның санын жиырмаға жеткізіп, бес жүз адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, тағы осынша адамды бизнес серіктес ретінде тартып, өз өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға жол ашқан. Әлемдегі ең үздік кілем өндірушілермен әріптестік қарым-қатынас орнатып, олардың озық тәжірибелерін өзімізде де қолдана бастаған.

Еліміздегі бірегей кілем өндіруші «Bal Tekstil» фабрикасының өнімдері бүгінде экспортқа BAL CARPET брендімен шығып жатыр. Аталған серіктестіктің негізін қалаушы Талғат Ысқақовтың айтуынша, бұл жетістікке отандық өнімнің өркен жаюына мүдделі әрбір адамның үлесі бар. «Алғашқы өнім 2013 жылы қазан айында шыға бастады. Бастапқы кезде өндіріс ошағында төрт кілем тоқу станогы жұмыс істеген болса, бүгінгі таңда өндіріс көлемі едәуір ұлғайтылуына байланысты станоктар саны төрт есе артты. Онымен тоқтап қалмай, іздене түстік. 2015 жылы қосымша полипропилен жіп өндіру цехын іске қоссақ, 2020 жылдан бастап «Бал декор» атты жаңа заманауи принт кілемдер өндірісі іске қосылды.