ЖЕЛАЯҚ ЖҰПТАР – «МАХАББАТ МАРАФОНЫНДА»

285

Шымкенттіктер халықаралық Отбасы күніне ерекше ықыласпен атсалысты. Аталған мерекеге орай, Қажымұқан атындағы орталық стадионда желаяқ жұптар жарысқа түсті. «Махаббат марафоны» атты эстафеталық жарысқа қаламыздан 30-ға жуық отбасы қатысып, бақ сынады.

–Жарыс отбасы институтын нығайту, отбасы құндылығын насихаттау, ерлі-зайыптыларды бірге белсенді спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, бүгінде әлемде ажырасу фактілері өте көп. Осындай спорттық жарыстар арқылы отбасында қарым-қатынасты нығайтуда аз да болса септігіміз тиіп жатса біз қуаныштымыз. Бүгінгі жарыста спорт мектептерінен қатысушылар көп болды. Алдағы уақытта басқа да саланың өкілдері спортқа жақын болып, белсенділік танытады деп сенеміз, — дейді Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары
Ермек Дәрменов.
Махаббат марафонында ерлі-зайыптылар 2 жас ерекшелігі бойынша, 35 жасқа дейін және 35 жастан жоғары деген санатта қатысып, 2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
– «Дені сау отбасы – дені сау ұлт». Біздің отбасының ұраны осындай. Отбасын құрғанымызға төрт жыл болды. Келіншегім екеуміз бірнеше марафонға қатысып үлгердік. Эстафеталық марафонға бірінші қатысуымыз. Бағымыз жанып, мәреге бірінші жеттік, — дейді Азизхан Камелжанов.
Расында, дені саудың – жаны сау. Махаббатта да, спортта да жолы болған жұптар ойын көркін қыздырып, мәреге қол ұстасып жетті. Жеңімпаздар арнайы медаль және грамоталармен марапатталды.

Басты байлық – денсаулық. Көп жағдайда оның қадірін кеш ұғынамыз. Дерт асқынса ғана дәрігерге жүгіну – әдетіміз. «Ауылдың аты ауыл ғой» деп, көбіне қалада емделгісі келетіндер қаншама. Ал қалтасы қалың отандастар шетелге шығып ем қабылдап келеді. Расында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің жай-күйі көп жағдайда жұрт көңілін көншіте бермейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жіті мән берді. Басты байлық – денсаулық. Көп жағдайда оның қадірін кеш ұғынамыз. Дерт асқынса ғана дәрігерге жүгіну – әдетіміз. «Ауылдың аты ауыл ғой» деп, көбіне қалада емделгісі келетіндер қаншама. Ал қалтасы қалың отандастар шетелге шығып ем қабылдап келеді. Расында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің жай-күйі көп жағдайда жұрт көңілін көншіте бермейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жіті мән берді.