ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫННЫҢ АУЛАСЫНАН 3000 ТҮП КӨКНАР ТӘРКІЛЕДІ

267

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алған жетісайлық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, оның тұрғылықты жеріне тінту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде күдікті ер адамның үйінің ауласынан 3000 дана түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша алынған өсімдік «көкнәр» болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.