Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктер ауқымы артып келеді

78

Бүгінде Арыс қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау мақсатында 4 инватакси қызметі қалыпты жағдайда жұмыс жасайды. Қазіргі таңға 650  мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметі көрсетілді. Оның ішінде ерлер  саны –275, әйелдер саны – 125, балалар саны – 250. Сонымен қатар, қалада 50 орынды «Данис» коррекциялық оңалту орталығы  мүмкіндігі шектеулі 1,5 жас пен 18 жас арасындағы ерекше балаларға арналған оңалту мекемесі бар.   Орталықта арнаулы мамандар, яғни логопед, дефектолог.психолог, ЛФК, АФК, әлеуметтік қызметкер, медицина қызметкері жұмыс жасайды. Орталықта балалар  үш мезгіл  тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, арнаулы ем-шаралар қабылдайды. Туылған күн, мереке күндерінде іс шаралар жүргізіледі. Балалардың дамуына жан-жақты жағдайлар жасалған. Одан бөлек, саз жетекші, дене қимыл маманы, хореограф жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мекемеде 30 мүгедектігі бар мүгедек балалар қызмет алуда.

Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, олардың 95 мыңы – балалар. Бұл көрсеткіш жыл сайын 3-4%-ға өсіп отыр.  Көрсеткіштің алдыңғы үштігінде Түркістан, Алматы, Қарағанды өңірлері тұр. Он екі мүшесінде ақау болғанымен, қалыпты жағдайда өмір сүруге бейім тұлғаларды бүгінде кез келген салада кездестіруге болады. Ел қатарлы еңбек етіп, кәсібінен нәсібін тауып отырғандары қаншама. Білімді де білікті мамандар қатарын толықтырып жүрген жандар да жетерлік. Яғни, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктер ауқымы артып, әлеуметтік жәрдемақылары да өскен. Кенді аймақта да мүмкіндігі шектеулі жандарды мұңайтпас үшін, оларға қолдан келгенше қолдау көрсетілуде. Бүгінде аймақта мүгедектігі бар 55 мың 396 адам бар. Жалпы халық санының 4,9%-ын құрайды. Оның 4 мың 834-і – 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Биыл әлеуметтік осал топ өкілдерін әлеуметтік қолдауға облыс бюджетінен 476 млн. теңге бөлінді. Қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы оңалту құралдарына тапсырыс беру мүмкіндігін де қарастырып қойған. Бұл порталдың қызметіне бүгінде 10206 адам жүгінеді.