МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

47

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесіне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілер қатарындағы кәсіподақ белсенділерін құттықтауға арналған жиын өткізілді.

Жиынға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Шымкент қаласы әкімі аппаратының бірнеше қызметкерлерін «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларымен марапаттады.

Атап айтқанда:

Филиалдың «Еңбек озаты» төс белгілерімен: «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы Қышқашев Тимур Әсілбекұлы және «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы Мажитова Гаухар Маратқызы марапатталды.

Филиалдың «Құрмет грамоталарымен»: «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Құқық қорғау органдарымен және терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Беркінбай Мақсат Маратұлы, «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қала әкімінің кеңесшісі Суханбердиев Арман Абдуаліұлы және «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қала әкімі аппаратының хатшысы Момынова Жанна Алиқызы марапатталды.

Филиалдың «Алғыс хаттарымен»: Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Берікұлы Асқар және Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас маманы Мұхтар Есен Мақсұтұлы марапатталды.

Сондай-ақ, бірнеше қызметкерлерге қала әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.