КЕЛЕС АУДАНЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

333

Келес АПБ криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері және Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде 26 маусым –«Халықаралық есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ауқымды іс-шара өтті.

Шара барысында жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, жиналған жастарға әр саладағы мамандармен есірткінің кері жақтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Белсенділік танытқан жастар өздерінің нашақорлық мәселесіне байланысты теріс көзқарастарын білдіре алды.

Сонымен қатар, іс-шара соңында аудандағы спорт шеберлерінің қатысумен түрлі сайыста спорттық жарыстар өткізіліп, арнайы киімдер тарту етілді.