ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ПОЛИЦИЯ КҮНІ» ҚАРСАҢЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛДЫ

293

«23 маусым — Полиция күні» мерекесіне орай Отырар аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында іс-шара ұйымдастырылды. Полиция подполковнигі Ермек Усербаев жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қиын да қызығы мол жұмыста аянбай тер төгіп жүргендері үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар ішкі істер органында қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагер полицейлерді құттықтады.

Жиын кезінде полиция подполковнигі Ғани Құрманбеков, полицияның шығу тарихы мен қазіргі таңдағы полицейлердің жай-күйі жайлы баяндама жасады. Жеке құрамға «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасов жайында бейнеролик көрсетілді.

Одан бөлек қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына барып, полиция күні мерекесімен құттықтап, гүл шоқтары мен «Алғыс хаттар» табыстады.

Сондай-ақ «Полиция күні» мерекесіне орай аудандық мекемелер арасында гір тасын көтеру, арқан тарту, кіші футболдан тартысты жарыс өтті.