ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

229

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімдіктің білім, денсаулық сақтау және мәдениет бөлімдерінің өкілдерімен бірлесіп, есірткінің алдын алу тақырыбында дәрістер ұйымдастырды.

Іс-шараға Леңгір қаласының №1, №7 мектептерінің жоғары сынып оқушылары, №8 кәсіптік колледжі мен «Мейір-Бейс» колледжінің студенттері қатысты. Онда тәртіп сақшылары мен мамандар «Есірткі құралдарының зияны және олардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы» дәрістер оқыды.

Кездесу соңында жасөспірімдер өздерінің сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Оқушылар мен студенттер ұйымдастырушыларға ақпараттық әңгіме мен танымдық дәрістері үшін алғыс білдірді. Ал полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды