«ҚАРАСОРА-2023» ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ

156

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асыру барысында, жедел ақпарат көздері арқылы есірткі затын қолданып,сақтауы мүмкін деген күдікпен ер адамды анықтады.

Оның жеке басын, тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ауласынан өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Айғақты зат ретінде алынған есірткі тектес затқа сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысымен алынған 5 түп «сора» болып шықты.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабымен «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық іс-қозғалып, бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.