СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

166

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың бұйрығымен жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғалары тіркелімін төмендету, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, бір айға жоспарланған профилактикалық шара өткізілуде. Яғни облыс көлемінде 2023 жылдың 1-30 маусым аралығында «Бір ай жол-көлік оқиғасыз» акциясы жүргізілуде.

Аталған акция кезінде Түркістан облысы ПД Патрульдік полицейлері мен Созақ ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы бірлесіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудандағы қоғамдық орындар, көшелерде болатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, қалалық және ауданаралық бағытта заңсыз тасымалдауды болдырмау, автовокзалдар жанындағы автотұрақтар, ондағы жеке тасымалдаумен айналысатын көліктердің жол жүру ережелерін сақтауды қадағалау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Сонымен қатар аудан тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды. Жол бойына жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында ескертпе билбордтар ілінді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.