ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ТӘУЛІКТЕ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ 10 МЫҢҒА ТАРТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

140

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен маусым айының 01-30 аралығында облыс көлемінде «Бір ай жол-көлік оқиғасыз!» акциясы өткізілуде.

Іс-шара басталғалы полицейлермен 9924 құқық бұзушылық анықталды. Іс-шараның негізгі мақсаты-жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертіп, түсіндіру.

Профилактикалық жұмыс барысында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Көлік құралын мас халде басқару) 27 жүргізуші анықталды.Ал ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен (Қозғалыстың қарсы бағытына шығу) 6 құқық бұзушылық жайты тіркелді.

ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабымен (Авариялық жағдай туындату) 21 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігінде көзделген (Жалған және қолдан жасалған мемлекеттік номермен көлік құралын басқару) 1 құқық бұзушылық Созақ ауданында тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен (Заңсыз жолаушыларды тасымалдау) 1 жүргізушіге шара көрілді.

Сонымен қатар көшеде қабылдау акцияларын ұйымдастырып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелер бойынша ақпараттық ескерту билбордтарын орналастыру жұмыстары атқарылды.