4 КҮН ІШІНДЕ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАТЫСТЫ 50 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

194

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2023 жылдың 15-25 мамыр аралығында республика көлемінде есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, «Подучетник» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Осы бағытта Түркістан облысының қала, аудандық полиция құрылымдарымен іс-шараға барлығы 800-ге тарта қызметкер тартылды.

Оның ішінде пробация қызметінен 50 қызметкер, 12 мемлекеттік орган өкілдері мен 44 қоғамдық құрылым өкілдері жұмылдырылды.

Іс-шараның 4 тәулігінде есепте тұратын 2360 тұлға тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде белгіленген шектеулер мен талаптарды бұзудың 52 жайты анықталды.

Нақтырақ айтсақ, әкімшілік қадағалау орнатылғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабымен 13 хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандармен 10 құқық бұзушылық тіркелді. Мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды бұзу бойынша 4 құқық бұзушылық, ал қорғау нұсқамасын бұзудың 12 дерегі анықталды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды кері қайтару және әкімшілік қадағалау орнату бойынша 8 ұсыныс сотқа жолданды.