«АЛТЫН АЛҚА» ТАҚҚАН ПОЛИЦЕЙ АНА

380

«Отбасы күні» мерекесіне орай Келес аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Отыншиевтің бастамасымен көпбалалы әріптестерін құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Яғни полицейлер Көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры Гүлжан Құралбекованың шаңырағына арнайы барып, мерекелік сыйлықтарын табыстады.

Г. Құралбекова ішкі істер саласындағы алғашқы қызметін

ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы болып бастаған. Жұмысына жауапты полицей көп ұзамай көші-қон полициясына инспектор лауазымына тағайындалды. Осы қызметте жүріп өмірлік серігін тауып, тұрмыс құрды.

Облысымызда көші-қон қызметінің тұрақты дамуына ат салысып жүрген қызметкер, демографияға да зор үлесін қосуда. Себебі иығына майор шенін, мойнына «Алтын алқа» таққан Гүлжан Құралбекова, бүгінде батыр ана 2 ұл мен 5 қызды өсіріп отыр.

Осы ретте батыр ана, үздік маманға абыройлы еңбек, жанұялық бақыт тілейміз!