ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА, ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

86

Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы халықаралық күн» аясында әкімдік және жұртшылық басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, бір ай бойы «Есірткісіз болашақ» ұранымен спорттық және шығармашылық конкурстар өткізді.

Шарының мақсаты — өскелең ұрпақта есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Жиын барысында жеңімпаздар мен қатысушылар полиция департаментінің атынан медальдармен, кубоктармен, велосипедтермен, доптармен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Түркістан полицейлері балаларға есірткіні қолданудың зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.