ЕРСҰЛТАН ӘМІРБЕК — ”АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ”
Ерсұлтан Әмірбектің журналистикадағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі еленіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің “Ақпарат саласының үздігі” медалімен марапатталды. Төсбелгіні Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев табыстады. Қазақ журналистикасындағы Ерсұлтан Әмірбектің еңбек жолы 30 жылдан асты. Ол, 1993 жылы “Отырар алқабы” газетінің бөлім редакторынан бастап, Отырар телеарнасы, ОҚТ-ШТВ телеарнасы, “Қазақстан” ұлттық теоеарнасы, “Хабар” агенттігінің Оңтүстік Қазақстан, Жамбял облыстары мен Өзбекстан Республикасындағы тілшісі, Қазақ радиосының тілшісі, “Ara24” ақпарат порталының бас редакторы қызметін атқарып келді. Қазіргі таңда Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” мекемесінің баспасөз орталығының қызметкері, Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы қызметтерін атқаруда.
Марапатыңыз құтты болсын!