ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ОРНАЛАСУҒА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

173

 

  • Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (рота құқығында) инспекторы – 3 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы– 5 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету жөніндегі) – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны арнайы техникамен байланыс тобының инженері — 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 2 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Мақтаарал ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 2 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Кентау қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Арыс ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 2 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Бәйдібек ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 2 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Бәйдібек ауданы полиция бөлімі қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының айдауылдау полицейі – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Қазығұрт ауданы полиция бөлімі қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының айдауылдау полицейі – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Отырар ауданы полиция бөлімі қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының айдауылдау полицейі – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Ордабасы ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Созақ ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Созақ ауданы полиция бөлімі тылды қамтьамасыз ету тобының ғимаратты күзету полицейі – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Сауран ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 1 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түлкібас ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 1 лауазым;

 

Функционалдық міндеттері: жедел ден қою арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторлары (рота құқығында) — қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-бұқаралық, басқа да бұқаралық және күзет іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету, ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерімен бірлесіп, неғұрлым криминогендік орындарды тексеру бойынша мақсатты рейдтер мен арнайы операциялар жүргізу көшелерде құқық тәртібін қорғау, қылмыстың, құқық бұзушылықтың өзге де түрлерін анықтау және жолын кесу мақсатында;

Функционалдық міндеттері: учаскелік полиция инспекторы — азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды, оларды кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлаудан және дөрекі қарым-қатынастан қорғауды қамтамасыз етеді. Заңға мойынсынушылық және мінез-құлықты қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартуды анықтайды және жолын кеседі. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алады.

Функционалдық міндеттері: ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы — кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, оларды кемсітушіліктің, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың және дөрекі қарым-қатынастың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз етеді. Кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа тарту анықталады және жолын кеседі. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алады.

Функционалдық міндеттері: патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өз жолдарында, лауазымдарында және аралас аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу және қылмыстан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.

Функционалдық міндеттері: Туристік полиция инспекторы — шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ел аумағында болу ережелерін түсіндіруде кеңес береді. Туристік объект аумағында шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда, туристік объект орналасқан жердегі ауданның ПБ-не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша материалдарды дайындайды және қарау және шешім қабылдау үшін жібереді. Туристік объектілердің әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасайды. Туристік нысандарға келетін шетелдік туристер санының есебін жүргізеді. Туристік аймақтарды патрульдеуді жүзеге асырады және туристерге көмек көрсетеді. Жоғалған құжаттар мен өзге де заттарды қайтару немесе қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға жәрдем көрсетеді. Туристік объект аумағында шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Функционалдық міндеттері: арнайы техникамен байланыс тобының инженерлері — күн сайын тікелей басшысына мониторинг нәтижелері туралы баяндайды, ақ бұзу фактілері анықталған кезде қызметтік жазба дайындайды. Пайдаланушылардың жұмыс станцияларында және телефон желілерінде техникалық қорғау құралдарын орнатуды жүзеге асырады. Оларды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайды, бұзылған жағдайда дереу тікелей басшыға баяндайды.

Фукционалдық міндеттері:  Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі: Күзетшілікке түсер алдында кезекші мен бірлесе отырып изолятор бөлмелеріндегі қондырылған төсек орындарды, терезелердің қондырғы темір торларды, едендерді, бөлменің төбесін жылу жарық қондырғы жүйелерін, есіктерді, құлыптарын қамауда отырғандардың қимыл іс әрекеттерін байқап көріп отыратын есіктегі терезені мұқият тексеруден өткізеді, ұсталғандарды есептен және әрқайсысын үзбей көз жазбастан қадағалап отырады.

Функционалдық міндеттері: тылдық қамтамасыз ету тобының ғимаратын күзету жөніндегі полиция қызметкері — сеніп тапсырылған объектіге кіру режимін жүзеге асырады, сеніп тапсырылған құжаттар мен материалдық активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге талап етіледі:

 Құқық қорғау органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, 18 жасқа толған, біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.