СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ!

199

Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында «Суда абай бол!» тақырыбында аудан аумағындағы ауылдық округтердің мамандары және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының және біргелікте аудан аумағында орналасқан үлкен арықтар мен каналдар жағалауларында үгіт насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен рейдтік түсіндірме жұмыстарында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау, басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс-шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылды.