ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

201

Аудан аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау, оның алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық полиция бөлімі бірлескен жоспарға сәйкес кезекті рейдтік іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты аудан аумағынан жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан тасымалдау кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алу

Рейдтік іс-шара барысында аудан аумағындағы Сырдария, Арыс өзендерінің жағалауында HOWO маркалы ауыр жүк көлігі заңсыз құм қиыршықтарын тасымалдап жүргені анықталды. Жүк көлігінің жүргізушісінен рейд кезінде анықталған заң бұзушылық бойынша түсініктеме алынып, жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бұл жұмыстар жалғасатын болады.