ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SHYMKENT FEST” ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

78

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет «Shymkent  fest» жобасында жастар арасында көше спорт түрлерінен, мәдениет-өнерден семинар, мастер-кластар мен байқаулардың салтанатты ашылуы өтті.

«Shymkent  fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақыт тиімді ұйымдастыруға бағытталған, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Аталмыш жобаны ашып беру үшін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барлық қала жастарын фестивальға қатысып, спортпен шұғылдануға шақырды.

2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Тарқата айтқанда, үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поезия кеші секілді түрлі кештер өтетін болады.

Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent  fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді.

Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды қосып жүрмін. Мектепте озат оқушылардың бірімін. Жан — жақты болуыма менің әжем де барын салып жүр, қазақ тілі үйірмесіндегі білгенімді жеке өмірімде де пайдаланып жүрмін, би үйірмесіне қатысып, енді ағылшын тілін де білуге үміттенемін. Өйткені, біздер үшін, біздің болашағымыз үшін мемлекетіміздің Елбасшысы үлкен еңбек етуде.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», — деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.