ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУШЫЛАР

247

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 9,08 млрд теңге.

01.06.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,87 млрд теңге болды.

Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 37,58%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 33,5%, ҚРҰБ ноттары – 11,67%; шет мемлекеттердің МБҚ — портфельдің 9,20%. Атап кетейік, портфельдің 57,13% теңгемен; 42,87% — АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 187,94 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,23%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.06.2023 ж.жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,53 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 36,13%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,29%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 14,86%; МҚҰ облигациялары – 10,7%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 6,95%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,69%, АҚШ долларымен 22,31% құрады.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 177,65 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,52%.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

         «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,43 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР мемлекеттік облигациялары – 33,61%; Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,01%; РЕПО – 9,98 %, МҚҰ облигациялары – 6,38%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,68%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 4,42%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,36%, АҚШ долларымен – 22,64% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 83,63 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 5,30%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

           «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 972,75 млн теңге.

Активтердің 59,13%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 18,83%; Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 9,58%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,36%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,75%, АҚШ долларымен   22,25% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық табыс мөлшері 43,52 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 4,09%.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Halyk Finance «Қазақстан Халық Банкі ЕҰ» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 267,90 млн теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар мынадай: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 69,10%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,25%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,52%, МҚҰ – 6,50%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,89%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 96,73%, евро валютасында 3,27% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 10,99 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,68%.

«Halyk Finance «Қазақстан Халық Банкі ЕҰ» АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.