ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫСЫНЫҢ БІРІ ЖАРИЯЛАҒАН ЕСКІ БЕЙНЕЖАЗБА БОЙЫНША ТҮСІНДІРЕМІЗ

278

Полицейлер масаң күйдегі жүргізушінің бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні Түркістан облысы ПД Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласында «Volkswagen Passat» автокөлігінің басқарушысы медициналық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шыққан полицейлер, ер адамның шақырту бойынша кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне көпірде жол бермегенін анықтады. Нәтижесінде екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан жедел жәрдем қызметкері дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекеттерді тоқтатты. «Volkswagen Passat» жүргізушісі медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның «жеңіл дәрежелі» мас күйі расталды.

Бұзақылық әрекеттері мен дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тергеу барысында жедел жәрдем жүргізушісі ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қарсы арыз түсірген.

25 маусымда тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі және 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес тоқтатылған.

«Volkswagen Passat» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (мас күйінде көлік басқару) мен ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (жалған нөмірлері бар автокөлікті басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Көлік айыптұраққа қойылған.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Volkswagen Passat» жүргізушісі ұсталып, ол ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған баптары бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жеткізілді.

Ал бейнежазбадағы шақырту бойынша келген полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша заңды шешім мен тиісті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындарына полицияға қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз немесе ақпараттарыңыз болса, тәулік бойы сенім телефонына хабарласуға болатынын еске саламыз: 87786848957.