КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЗАУЫТ ЖЫЛЫНА 38 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕДІ

213
Бүгінде Келес ауданында шағын кәсіпкерлікпен қатар ірі бизнес саласын дамытуға басымдық берілуде. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Алдымен Абай ауылындағы «Мерген Н» ЖШС-ң минералды сусындар мен алкогольсіз шәрбат өнімдерін өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Қазіргі таңда өндіріс орны 31 адамды жұмыспен қамтып отыр. Онда сағатына 2 500 дана бөтелкеде минералды сусындар мен алкогольсіз шарбат өнімдері өндірілуде.
Сондай-ақ, аудан басшысы күйдірілген қыш өнімдерін өндіретін «AIBI-AI» ЖШС-на барды. Мекеме қазіргі таңда 70 адамды жұмыспен қамтып, жылына 38 млн.дана күйдірілген қыш өнімдерін өндіріп отыр. Өз кезегінде аудан басшысы аудандағы кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру бағытында тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеді.