Прокурорлар заңсыз лагерлердің қызметін тоқтатты

191

Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тексеру жүргізуде.

​Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 18 балаларды сауықтыру лагерлерінде 23 мыңнан астам бала демалуда.

​Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылында орналасқан «Жансая» балаларды сауықтыру лагеріне прокурорлық тексеру жүргізу барысында заңдылықты бұзушылықтар анықталып, аталған лагердің жұмысы заңнама талаптарына толық сәйкес келмейтіндігі белгілі болды. 

Мағыналас заңдылықты бұзушылықтарға жол берген 3 балаларды сауықтыру лагерлері анықталып, олардың қызметтерін тоқтатуға бағытталған шаралар қолданылуда.

Қазіргі таңда аталған сауықтыру лагерлерінде Түркістан облысының Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласынан демалуға келген 400-ге жуық балалар үйлеріне қайтарылды.

Аталған бағытта тексеру жұмыстары жалғасуда.

Түркістан облысының прокуратурасы