ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ — ЖАСТАРҒА МІНДЕТ ЖӘНЕ ЕЛТАЙДАҒЫ ЖЕТІ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

236

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда еріктілер қызметін жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасалуда.

«Бұған мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатыр. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай, қала жастары — Халықаралық жастар күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Saylyq”, “Qamqor” волонерлік бағыттарында қайырымдылық іс-шарасы өткізді.

Жастардың бойына мейірімділікті ту етіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету білуге жол бастап, арнайы іс-шара қйымдастырылды. Аталмыш шарада жүрегінде түгі бар жастар, шалғайда  орналасқан елді-мекендегі жалғызбасты қарттарға азық-түлік себеттерін үлестіріп, үй тірлігіне қолғабыс етті.

Өзіне көрсетілген ілтипаттылық пен қолдауына риза болған қарттар, жастарға ақ батасын берді.

Қайыры мол іске демеушілік жасаған, “Janin” қайырымдылық қоры.

#Жастарменбірге #ЖастарКүні #Jastarday #Деньмолодежи

 

ЕЛТАЙДАҒЫ ЖЕТІ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Жалпы қаланың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінде атқарылып жатқан жол құрылыстары аталған іс-шара аясында іске асырылуда.

Нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазір кешенді іс шара аясында Еңбекші ауданына қарасты Елтай тұрғын алабындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын

Еліксай, Саяқ (Жаңару), Нұрлысай, Қаратас, Ақмоншақ, Нұрсая, Балауса көшелеріне асфальтбетон жабындысының бірінші қабаты төселуде. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Елтай тұрғын алабының жолдары 100% пайызға асфальт болады.

Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала  аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.