“ШЫМКЕНТ ЦИРК” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛДЕ АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ…
“Шымкент циркі” бір Шымкенттің емес, қазақ елінің даңқын аспандатты. Қуан қазақ, қуана бер Шымкент! Халықаралық фестивалде Алтын жүлде иеленді. “Шырайлы Шымқаланың халқы да АЛТЫН, саған сәйкес алатын жүлдесі де АЛТЫН болуы тиіс ғой”-дейді қуанышы қойнына сыймаған Шымкент Цирк мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов.
«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі әлемдік цирк өнерінің үздік жетістіктерін сақтау, дамыту және насихаттау, көрермендердің цирктің өнер саласындағы маңызды объектілердің бірі ретіндегі түсініктерін кеңейту мақсатында өткізілетін ірі дода.
-14 жыл ішінде фестиваль Қазақстанның цирк өміріндегі күтілетін оқиғалардың біріне айналды. Ол алғаш рет 2007 жылы ұйымдастырылып, өзін ең беделді халықаралық фестивальдердің бірі ретінде көрсетті. Фестивальдің визит картасы – үздік цирк нөмірлері, оған әлемнің көптеген елдерінен келген жас, сондай-ақ атақты цирк әртістері қатысады.
Ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласында өткен Almaty Circus Festival халықаралық фестивальде әлемнің 15 елі қатысқан сайыста Сергей Мустафиннің жетекшілігіндегі «Подкидная доска» номерімен, көрермендерді тамсандырып, Шымкент-цирк мекемесінің әртістері жүлделі орындарды иеленген болатын. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының жаңа, жас басшысы Сакен Шакеевтің қолдауымен бұдан да жоғары белестерді бағындыруды цирк ұжымы мақсат етіп қойған еді. Сол үдеден шығудамыз-дейді Нұрлан Әділханов.
Бұ жолғы Халықаралық фестивалде шебер өнер көрсеткен Шымкент циркінің шын таланттары кімдер десеңіз айтайық. 2023 жылдың 13 тамызда Астана қаласында өткен «XIV Азия жаңғырығы» 11 мемлекет арасында өткен халықаралық цирк фестивалінде әуе гимнасттары Сайдуллаев Закиржон мен Штыб Елизаветта Carpe Diem (Лови момент) атты номермен АЛТЫН жүлде иегерлері атанды. 1 жылдан астам уақыт Сайдуллаев Закир өзі осы номерді, оның костюмдерін, реквизиттерін барлығын дайындап шықты. Номер барысында нәзік жанды арудың ер азаматты бір колмен демеп көтеруі, сондай ақ қауіпті, әсерлі мезеттері көрермен жүрегінен орын алып, цирк өнерінің қаншалықты басқа өнерге ұқсамайтын, үздіксіз қажырлы еңбекті талап ететін, ерекше өнер түрі екендігін ұғындырары хақ.
Кілең мықтылар жиналған бұл тартысты доданы, цирктің жілігін шағып майын ішкен төрешілер сынға алды. Атап айтқанда Монте-Карло цирк фестивалінің Вице-Президенті — Урс Пилз, Саха Республикасы циркінің директоры – Сергей Росторгуев, Италия халықаралық цирк фестивалінің директоры – Фабио Монтико, АҚШ цирк фестивалінің директоры Петр Дубинский, Франциядан келгет жюри Одетте Буглионе, Белорусь циркінің директоры Владимир Шабан және тағыда басқа 8 елден қатысты.
12 жылдық тарихы бар жас цирк үшін бұл үлкен жетістік.
Құрметті, Сайдуллаев Закиржон мен Елизаветта Штыб!
Алдағы уақытта әлемді аузына қаратқан Монте Карло цирк фестивальне шақыру алып, цирк төрінен орын алып, жүлделі орындарға ие болып елімізге оралады деген үміттеміз-дейді Шымкент цирк мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов.
Оңтүстік мәдениетіне олжа әкеліп жүрген Нұрлан ағамызға Шымкент циркін лағы бір шыңға шығарды. Нұрлан жүрген нұрланып жатса, біз неге қуанбасқа. Қуаныш құтты болсын “Шымкент цирк” мекемесінің ұжымы!