«КӨШЕ ЖАРЫҚТАНЫП, БАЛАЛАР ОЙНАП ЖҮР..»

109

Кешегі Шымкент пен бүгінгі Шымкентті әсте салыстыруға келмейді. Бүгінде мегаполис атанған Шымқаланың аумағы да, халық саны да артқан. Қазіргі қала әкімі Мұрат Әйтенов қала көшелерін жарықтандыру мен балалар ойын алаңшасын салуға айрықша мән берген. Шымкенттегі бес ауданның әрбірінде жарықтандыру мен балалар ойын алаңшасын салу ісі қарқынды жүруде. Иәселен, Әл-Фараби аудан аумағындағы 390 көшенің қазіргі таңға дейін 133 көшесі жарықтандырылған. Ал, осыдан екі жыл бұрын, яғни 2021 жылы небары  22 көше жарықтандырылды-дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев. Оның айтуынша 2022 жылы жарықтандырылған 3 көше Тұран ауданына өткен. Олар: Байзақов көшесі (Тұран ауданына өткен); Жанкент көшесі (Тұран ауданына өткен), «Түркістан» ш/а Көктас көшесі. (Тұран ауданына өткен) Ал, қалған 9 көше 2023 жылға өтпелі болып табылады. Демек, Терешкова көшесі; Әбдіразақов көшесі; Тыныбаев көшесі; Нұршашу көшесі (Забадам ш.а.) Костөбе (Сәуле м.а.) Ақбастау көшесі, Қалалық психикалық денсаулық орталық аумағы, Бөгет көшесі; Шәймерденов көшесінде жарқырап шам жанып тұрады. Жалпы, Әл-Фараби  ауданындағы 18 жарықтандырылған көше Тұран ауданына өткен. 2023 жылы — 14 көшеніжарықтандыру мақсатында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарында бар. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үйлер 623 аулаға біріктірілген.

2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. 2021 жылы аудан аумағындағы 27 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Оның ішінде 14 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды.

2022 жылы«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып тұрғындар пайдалануына берілді.

2023 жылы39 балалар ойын алаңшасы орнатылады.

Бұрыңғы 7-8 жыл қолданыста болған және ескірген 190аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, элементтерін жаңарту жұмыстары 2024 жылдан бастапжүргізілетін болады. 2021 жылы 31 ашық спорт алаңшасын орнатылды, оның ішінде демеуші «С.Тульбасовтың жеке қоры» есебінен 6 көпқабатты тұрғын үй аулаларында жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізіліп халыққа пайдалануға берілді. 2022 жылы9 спорт алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 191,7 млн.тг. орнату жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар пайдалануына берілді.

Сонымен қатар, 9 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындар пайдалануына берілді.

2023 жылы2 спорт алаңшасы орнатылады (Сәуле ш.а. Ақсемсер көшесі мен 276 орам). Көшенің жарықтанып, балалар ойын алаңшасының көптеп салынуы көпті қуантып отыр. Жақсы істерге жаны сүйсінген қала халқы Шымкенттің шырайлана түскенін мақтаныш етері хақ.

«Ара-ақпарат»