ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР АРАСЫНДА “IQ ZHASTAR” ҚАЛАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС БАСТАЛДЫ

262

«Әділ Қазақстан құру идеясымен шабыттанған жастар өздері ұйымдасқан. Олар жаңа елді қажырлы еңбекке, Отан тағдырына белсене қатысуға негізделген құндылықтар жүйесі жаңарған адамдар құруы тиіс екеніне сенімді. Қазіргі жастар басқаша. Маған ұнайтыны, қазіргі жастардың көбі мемлекеттен көмек күтпей, керісінше, өз еліне пайдалы болғысы келеді-, деді Президент.

 

Яғни, Мемлекет басшысы, жастарға сенім артып, болашаққа нық қадам басарына сенімді. Сондықтан, Шымкент қалалық  әкімдігі де жастардың ой- өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауда.

 

Осыған орай, 30 тамыз — ҚР Конституция күніне орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «IQ Zhastar » интеллектуалды ойыны басталды.

Жастардың білімділігін, оқуға құлшынысын, қабілеттілігін және ұлттық рухын асқақтатуға бағытталған бұл ойын екі күн бойы (25-26 тамыз) өткізілмек.

 

Интеллектуалды ойынға қаламыздан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған 14 пен 35 жас аралығындағы жастардан құралған 15 команда қатыспақ. Айтап айтар болсақ, Жастар рухы, Жайдарман (Жайдарманшылар), НПО (Қоғамдық бірлестіктер),Атқарушы хатшылар (Шымкент қаласының),Шымқала (Белсенді жастар),Пифагор (Математиктер),Білім (Білім орталығы), Мардан колледж ( ұстаздар), Капитан (сериал “7-я”),Тех (Нысана театр),ОҚМПУ (белсенді жастар), 17-регион (вайнерлер),Ұстаздар (мектеп), Волонтер (Ерікті жастар), Әл-Фараби ( магистранттар) және Депутаттар (Шымкент маслихат).

 

Жас дарындылар арасында қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік, жас журналистер мен кәсіпкерлер, блогерлер бар.

 

«IQ zhastary» интеллектуалдық ойынының ашылу салтанатына Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов арнайы келген. Ол, дарындылар бас қосқан сайыстың қатысушыларына сәттілік тілеп, мемлекеттік мереке Конституция күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады.

 

Бүгін 1\8 және 1\4 ойындары өтіп, екінші күні жартылай финалдық ойын басталады.

 

Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы атынан диломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

 

1 – орын — Арнайы дипломы, статуэтка мен бағалы сыйлық (ноутбук) марапатталады.

2 – орын — Арнайы дипломы, бағалы сыйлық (планшет) марапатталады.

3 —  орын — Арнайы дипломы, бағалы сыйлық (смартфон) марапатталады.

 

Сонымен қатар, 2-ші айналымға өткен  қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары (планшеттер) беріледі.