СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ -ТАЗАЛЫҚТЫҢ ТАРАЗЫСЫ

194

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес, ауданда тазалық️ аптасы ұдайы жүргізіліп жатыр. Тазалықты жанына серік еткен Саурандықтар бүгін де сенбілік жұмыстарына белсенді қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Қызу тазалық жұмыстарына 12 ауыл округтегі барлық мекемеден 311 қызметкер бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген аумақтарға, көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауылдың кіре беріс аймағынан, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасынан 2,4 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.

Ауылдардағы бітеліп, ластанған

жылғалар да күл-қоқыстан тазартылды. Оған 2 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, жол жиектері бей-берекетсіз өскен шөптерден тазартылды. «Тазалық тазаланған жерде емес, ласталмаған жерде болады» демекші, тұрғындардың санасына тазалық сақтау мәдениеті орнықпайынша мәселенің тез шешілуі оңай емес. Саурандықтар тұрып жатқан мекенін таза ұстауға атсалысса игі. Сонда ғана аудандағы жауапты мекемелердің жанкешті еңбегі көзге көрінер ме еді?!

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі