САУРАН АУДАНЫНДА «ЖЕР-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ

186

Сауран ауданы әкімдігінің іскерлік орталығында «Жер 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында аудан бойынша 12 құрылым, 117 жеке құрам қызметкер мен 31 техника жұмылдырылды. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев пен Сауран аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Мұқтар Қуанышбаев алдымен оқу-жаттығу жұмыстарының жұмыс барысымен және техникалардың ахуалымен танысты.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес қыркүйек сағат 11:00-де «Баршаның назарына!» құлақтандыру дабылы іске қосылды. Әкімдік ғимаратындағы қызметкерлер сыртқа эвокуцияланды. Құтқару қызметі жедел іске кірісіп, ғимарат ішінде қалып қойған қызметкерлерді шығарды. Сонымен қатар, оқу-жаттығу аясында штаб құру және апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілген орындады байланыс құралдарымен қамтамасыз ету, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай оқу-жаттығулар арқылы алдын алу шаралары мамандар тарапынан түсіндірілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық іс-шаралар төтенше жағдай кезінді жедел көмек беруді көздейді. Командалық-штаб зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттеріне эвакуациялау; медициналық және психологиялық көмек көрсете отырып, зардап шеккендерге арналған жылыту пункттері тексерілді. Сондай-ақ, жаттығу барысында арнайы тенхикаларда тексерілді.

Апат айтып келмейді. Төтеннен келген апатқа әр тұрғын дайын болғаны маңызды. Апат кезінде сауаттылық пен қырағылық қажет. Айта кетейік, аудан аумағында ағымдағы жылы су тасқыны орын алған болатын. Жедел жұмыстың нәтижесінде апаттың беті қайтып, қайта қалпына келтірілді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қандай жағдайға да дайын екендіктерін жеткізді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі