САУРАН ҚЫРАНДАРЫ! БОЗКІЛЕМДЕ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

137

Ұлттық спорт — ұлт келбеті. Ауданда ұлттық спорттың беталысы қарқынды. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың тапсырмасына сәйкес алғаш рет қазақ күресінен «Сауран қырандары» турнирі түңлігін түрді. Ұлттық спортты дамыту бағытында ұйымдастырылған турнирге 100-ге жуық түрлі салмақтағы бозкілемде жауырыны жерге тимеген палуандар қатысты.Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров пен облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы қатысып, палуандарға сәттілік тіледі.

-Ұлттық спорт түрлерін жан -жақты дамытуда жоспарлы концепсия жасалып, жүзеге асыру жұмыстары жүргізеліп жатыр. Бұқаралық спортты дамытудағы іс-шаралар жоспары ауқымды. Сонымен қатар барлық ауылда спорт алаңшалары мен спорт мектептері салынады. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген спортшыларымыздың жағдайын жасау біздің міндет. Бүгін міне алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирде де спортшыларымыздың белсенділігінің жоғары екенін көріп отырмын. Палуандарға сәттілік тілеймін,- деді Мақсат Асылбекұлы.

Ауданда ұлттық спорттың жанашырлары көп. Бүгінгі турнирде

облыстық мәслихаттың депутаты Баймахан Сүлейменов жүлдегерлерге спорттық киімдер мен қаржылай сыйлықтарын табыстады.

Бұл турнирде Шағалық палуандардың жұлдыздары жанлы. ️70 кг салмақта

Мырзатаев Бақытжан І-орын, Мырзатай Тұрлыбек ІІ-орын, Бұланбай Бағлан ІІІ-орынмен қарсыластарын тізе бүктірді.

Шағалық Молдаш Төребек пен Қалмырза Ердәулет түйе палуан атанды. Майданталдық Тұрсынбай Элдар да түйе палуандардың қатарынан көрінді. Қазақ күресін дамытуға бағытталған «Сауран сұңқары» турнирі дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарлануда.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі