САУРАН АУДАНЫНДА 7 890 ОҚУШЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ

178

Биыл жаңа оқу жылынан бастап Президент тапсырмасы негізінде 1-4 сынып оқушыларына дерлік бір мезгіл ыстық тамақ беріледі. Сауран ауданы бойынша 7890 бастауыш сынып оқушылары, әлеуметтік осал отбасынан шыққан 5-11 сыныптардан 828 оқушы қамтылып отыр.

Білім бөліміне қарасты барлық мектеп асханаларында сыныптардың тамақтану уақытының кестесі құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Тағам рационы Ұлттық тамақтану орталығы ұсынған «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсынымына сәйкес жасалады.

Мәзірді әзірлеуде балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі