КООПЕРАТИВКЕ – КЕҢ ӨРІС

132

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған қанатқақты жобасы аясында облыстағы 16 ауданға республикалық бюджеттен жиырма млрд.теңгеге жақын сома қарастырылып отыр. Оны жыл аяғана дейін өсіруге мүмкіндіктер де ашылды.

«Ауыл аманаты» қанатқақты жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты төрт ауылдық округ таңдалды. Атап айтқанда: Оранғай, Қарашық, Майдантал, Ескі Иқан ауылдық округтері. Бүгінгі күнге жеті кооператив құрылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 175 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 349,4 млн теңгені құрайтын 45 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 193 млн теңгені құрайтын 37 жоба, Ескі Иқан ауылдық округінен 158,6 млн теңгелік 25 жоба және Майдантал ауылдық округінен 91,1 млн теңгелік 12 жоба несие комитетімен мақұлданды. Жалпы Сауран ауданы бойынша бүгінгі күнге 360,5 млн теңге болатын 67 шаруа несиесі рәсімделді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Республикамыздағы тұңғыш рет басталған «Ауыл аманаты» жобасымен Сауран ауданындағы Түркістанға жапсарлас орналасқан Оранғай мен Қарашық екі ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қалыптастырудың қанатқақты жобалары алдымен басталған болатын. Оған енді Ескі Иқан мен Майдантал ауылдық округтерінің агрошаруашылық саласындағы еңбеккерлері кірісіп те кетті.