АРДАГЕРЛЕР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

117

Шорнақ ауылындағы Сауран аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметовтың модераторлық етуімен және аталған ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына қолдау жасау мақсатында ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Осы жиын барысында сөз сөйлеген Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы ақсақалдар кеңесінің Сауран аудандық филиалының төрағасы Оразбек Әміреев, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, ауданға қарасты ауылдық округтердегі төрағалары, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, бөлім мамандары қатысты.

Алқа отырысында Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов: «Жолдауда көрсетілгендей, елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан саяси — экономикалық реформалардың нәтижелері жайлы айта келіп, оны ардагерлер жергілікті жерлерде айта жүруін, халыққа насихаттауын тапсырды».

Отырысқа қатысушылар Жолдауда көрсетілгендей елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан саяси — экономикалық реформалардың нәтижелері жайлы айта келіп, алдағы үш жыл мерзімдік уақытта ҚР Үкіметі тарапынан жүзеге асырылуға тиіс Президенттің нақтылап берген тапсырмалардың бағыттарымен таныстырып, Президент осы тапсырмаларды орындау барысындағы ҚР Үкіметінің, Президент аппаратының және жергілікті басқару органдарының атқаратын рөлдерін айқындап бергендігін, Мемлекет басшысының «Жолдаудың мақсаты — халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету, заң үстемдігін жүзеге асыру» деген сөздерін жиынға қатысушыларға жеткізді.

Жиында еліміздегі болып жатқан оң өзгерістермен қоғамның әлеуетін арттыру жолындағы жұмыстар кеңінен айтылды. Кеңейтілген алқа отырысына қатысушы Сауран ауданының ардагерлері Президент Жолдауын толығымен қолдайтындықтарын білдіріп, ондағы айқындалған мақсаттарды жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етуге аудан еңбеккерлерін шақырды.

Кеңейтілген отырысқа қатысушы Сауран ауданының ардагерлері Президент Жолдауын толығымен қолдайтындықтарын білдіріп, ондағы айқындалған мақсаттарды жүзеге асыру бағытында аянбай еңбек етуге аудан еңбеккерлерін шақырды.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев елдімекендердегі өзекті мәселелерді ардагерлермен бірлесіп шешуге және ардагерлердің қатысуымен осындай маңызды жиындардың жиі өткізіліп тұратындығын айтты.

Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов қорытындылап, қатысқан ардагерлерге алғысын білдірді.

Л.ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ.