ТОҒЫЗ МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ

285

Биыл жаңа оқу жылынан бастап Президент тапсырмасы негізінде 1-4 сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Сауран ауданы бойынша 8585 бастауыш сынып оқушылары, әлеуметтік осал отбасынан шыққан 5-11 сыныптардан 828 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Білім бөліміне қарасты барлық мектеп асханаларында сыныптардың тамақтану уақытының кестесі құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Тағам рационы Ұлттық тамақтану орталығы ұсынған «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсынымына сәйкес жасалады. Мәзірді әзірлеуде балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.

«Сауран-ақпарат».