ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

204

Сауран аудандық мәслихатының білім, ғылым, денсаулық сақтау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қоғамдық қауіпсіздікті, депутаттық этика, ұйымдық қызметті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырысты комиссия төрағасы А.Маткәрімұлы жүргізді. Тұрақты комиссия отырысына, аудандық мәслихаттың депутаттары Е.Елеуов, А.Азимов, Д.Ирисбаев, А.Раматуллаев, Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.Құлажанов, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, КММ басшылары қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, Сауран ауданының білім бөлімінің 2023-2024 жылдардағы оқу жылына дайындығы бойынша атқарған жұмыстары туралы Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы Батырбекова баяндама жасады. Шаға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы Шаға ауылдық округінің әкімі Әбдімүтәліп Нарынбетов жасады.

Сонымен қатар Сауран аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы мәселе қаралды.

Бұл мәселе бойынша Сауран аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Мұстапаұлы Сейтханов баяндама жасады.

Баяндамалардың нәтижесі бойынша аудандық мәслихат депутаттары тарапынан тиісті сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар берілді.