ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕЙТІН ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

152

Шорнақ ауылдық округінде «Sauran plast» өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алған. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы 3 га жер бөлініп, 1 кезеңі атқарылды. Алдағы уақытта өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырын шығаруды көздеп отыр.

Өндіріс орнының басшысы Қанат Кушербаевтың айтуынша аудан аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өндірістің жоба құны 675,0 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда 2 кезеңнің жұмыстары және құрал жабдықтармен қамтамасыз ету шаралары атқарылуда. Сонымен қатар, қосымша құрал жабдықтар сатып алу үшін екінші деңгейлі банк арқылы 300,0 млн теңгені қаржыландыру күтілуде.

Аудан әкімдігі тарапынан барлық ауылдық округ әкімдеріне ауылдарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарын осында өткізу бойынша тапсырма берілді.

«Сауран-ақпарат».