БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР КЕШЕУІЛДЕУДІ КҮТПЕЙДІ

52

Сауран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов:

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР КЕШЕУІЛДЕУДІ КҮТПЕЙДІ

2023 жылдың 1 қаңтарына жалпы аудандық бюджет кірістері 124,3 пайызға орындалып, 319 млн. 667 мың теңге жоспардан артық орындалған. Кірістердің жекелеген түрі бойынша: төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша – 17488 мың теңгеге жеткізілді. Әлеуметтік салық бойынша – 11867 мың теңге орындалмаған. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінде қаржыландыру жоспарындағы қаржының жетіспеуіне байланысты желтоқсан айында табыс салығына 88135 мың теңге, әлеуметтік салыққа 93408 мың теңге кредиторлық қарыз қалыптасқан.

Ауыл округтер тарапынан есепті кезеңге жоспарды Үшқайық ауыл округі 786,8 мың теңгеге орындамаған.

Салықтардың жекелеген түрлерінің орындалуына келетін болсақ:

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық жоспарын Үшқайық ауылдық округі 262,3 мың теңгеге орындамаған.

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарын Ескі Иқан ауылдық округі 57,0 мың теңгеге орындамаған.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 4737,0 мың теңге Шоқтас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны бойынша сот процессі жүргізілуіне байланысты игерілмеген. Үшқайық ауылдық округінде 305,0 мың теңге кірістер жоспары толық орындалмауына байланысты игерілмеген. Басқа да бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен 305,3 мың теңге үнемделген қаржылар. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бекітілген кірістер жоспарының орындалмауына жол берген Үшқайық, Ескі Иқан, Қарашық, Шорнақ ауылдық округтерінің және жоспарланған бюджет қаражатының толық игерілмеуіне жол берген аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, Үшқайық ауылдық округінің бірінші басшыларының жауапкершіліктерін қарауды ұсынамын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітуі қажет. Бұл туралы барлық ауыл округі әкімдері мен дербес бөлім басшыларына бөлім тарапынан 30.12.2022 жылы №11/02-20/768 хатпен ескертілген. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жүргізілген талдау нәтижесінде келесі мекемелер тарапынан мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілмегені анықталды. Атап айтқанда:

1.Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі;

2.Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

3.Ішкі саясат бөлімі;

4.Жер қатынастары бөлімі;

5.Сауран қызмет;

6.Сауран ауданының Газ қызметі;

7.Иассы ауыл округі;

8.Оранғай ауыл округі;

9.Ескі Иқан ауыл округі;

10.Шорнақ ауыл округі.

Сауран ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №170 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және 28 желтоқсандағы №186 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімдерімен 2023 жылға арналған аудан және ауыл округтерінің бюджеттері бекітілді. Тиісінше аудандық дербес бөлімдер 10 қаңтардан кешіктірмей, ауылдық округтері 12 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітіп, веб-порталға орналастырылуы тиіс.

Аталған мерзімде жылдық жоспар бекітілмеген (веб-порталда орналастырылмаған) жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске» сәйкес, бірінші басшыға 15 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген. Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген мекеме басшыларына мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын шұғыл бекіту веб-порталда орналастыру туралы тапсырма берілді.

Сауран ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №170 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және 28 желтоқсандағы №186 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімдерімен 2023 жылға арналған аудан және ауыл округтерінің бюджеттері бекітілді.

ҚР Бюджет кодексінің 32-бабына, ҚР Ұлттық экономика министрінің «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 13, 14 тармақтарына сәйкес, «бюджеттік бағдарлама жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітіледі».

Алайда бүгінгі күнге дейін ауыл округі әкімдері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан 2023 жылғы бюджеттік бағдарламалары бекітілмеген. Бөлімдерге келісуге ұсынылмаған. Осыған сәйкес, құзырлы органдарға ауыл округі әкімдіктері мен дербес бөлімдердің тиісті мамандарының жауапкершілігін қарауды ұсынамын. Себебі, бюджеттік бағдарламалар кешеуілдеуді күтпейді.