САУРАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

118

Сауран аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Сауран ауданының  әкімі  Ғалымжан Үсенбаев, аудан  әкімінің орынбасарлары, Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Оразбек Амреев, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылары,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жаңадан сайланған 16 депутат қатысты.

Қазақстан Республикасының әнұранымен басталған сессияда Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Оразбек Амреев  аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен таныстырып,  аудан аумағындағы 16 округ бойынша сайлау нәтижелерін хабарлады. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 16 депутат сайланды.

Сайлау комиссиясының төрағасы Оразбек Амреев  жаңадан сайланған Сауран аудандық мәслихаты депутаттарына куәліктер мен төсбелгілерін табыстады.

Сауран аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.   Күн тəртібі депутаттық фракцияны тіркеуден басталды. Ашық дауыспен Сауран аудандық мәслихатының төрағасы   болып Сержан Байсбаев сайланды.

Оразбек Амреев қолданыстағы заңнамаға сəйкес аудандық мəслихаттың бірінші сессиясын жүргізіп отырды. Сессия қарсаңында «AMANAT» партиясының 13  мүшесі бірігіп аталмыш фракцияны құрды.  13 «AMANAT», 1 «Respubliсa», 1   «Ақжол» партиясының мүшесі бар депутаттар корпусы өз бірліктерін танытты. Ал өзін-өзі ұсынған бір депутат та өз əріптестеріне қолдау көрсетіп отырды.

Тұрақты 4 комиссия құрылып, төрағалары бекітілді.

 

  1. Бюджет, экономикалық даму, сәулет, құрылыс және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Мустапаев Ержан Хабибуллаевич – комиссия төрағасы;

2) Рысбеков Сабит Дайрабаевич – комиссия хатшысы;

3) Хажиев Махсуд Сайтмухтарович – комиссия мүшесі;

4) Абдуллаев Нурсултан Пархадович – комиссия мүшесі.

 

  1. Білім, ғылым, денсаулық сақтау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қоғамдық қауіпсіздікті, депутаттық этика, ұйымдық қызметті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Маткәрімұлы Абсамат – комиссия төрағасы;

2) Елеуов Ерсултан Рустемович – комиссия хатшысы;

3) Азимов Азизбек Хабибуллаевич – комиссия мүшесі;

4) Ирисбаев Дилмухаммад Хашимович – комиссия мүшесі.

 

  1. Кәсіпкерлік және аграрлық саланы дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Оразбеков Серикбай Орынбекович – комиссия төрағасы;

2)  Мусабеков Бағлан Оразбекұлы – комиссия хатшысы;

3) Намуратов Ислам Дадамович – комиссия мүшесі;

4)  Конкабаев Нуржол Данаханович – комиссия мүшесі.

 

  1. Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, мәдени даму, жастар ісі, спорт, тарихи мұраларды қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына:

1) Шарапов Хуршид Бахтиярович – комиссия төрағасы;

2) Жусупов Абдурашит Абдуллаевич – комиссия хатшысы;

3) Раматуллаев Арсылан Серикович– комиссия мүшесі болып бекітілді.

Ел игілігі жолында ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығын тілге тиек еткен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев  сегізінші шақырылым депутаттарының жұмысына сәттілік тіледі.

«Сауран-ақпарат».