ЕЛ ТІЛЕГІ – БЕЙБІТШІЛІК
Қазақстан — 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкіліне ортақ Отан. Егемен елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің түрі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір. Бүгін Сауран ауданында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аталып өтілді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев арнайы қатысып, мерекемен құттықтап, бірқатар ауданға еңбегі сіңген азаматтарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
— Құрметті аудан тұрғындары, сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымызда 10-нан аса ұлт өкілдері тұрады. Бұл мереке еліміздегі этностар арасындағы ынтымақты нығайту үшін тойланады. Барлығымыздың тілегіміз бір. Елдің тыныштығы. Бейбіт күннің астында тату-тәтті, ынтымақта өмір сүрейік,- деді Ербол Ұласбекұлы.
Сондай-ақ, мәдени шарада ауданға еңбегі сіңген ақсақалдар қауымы бата беріп, игі тілектерін білдірді. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетті. Сонымен қатар, аудан көлемінде халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.
Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Ынтымақ пен бейбітшілік мәңгі жасасын! Ұлттар достығы тату болсын деген тілекпен бүгінгі мерекелік шара қорытындыланды.